28.07.2026, 19:00
Оқылды: 51

​ҚТЖ Екібастұздан Ұлыбританияға жаңа экспорттық бағыт ашты

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, компания Екібастұздан Ұлыбританияға минералды тыңайтқыштарды алғашқы мультимодальды тасымалдауды ұйымдастырды.

IMG_20260728_191057_621

Фото: PR_KTZh

Жеткізу теміржол және теңіз көлігін пайдалана отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдары (ТХКБ) арқылы жүзеге асырылады. Жүк Қазақстан, Каспий теңізі, Әзірбайжан және Грузия арқылы өтіп, Поти мен Батуми порттарынан Ұлыбританияның Феликстоу портына теңіз жолымен жөнелтіледі.

​Жаңа бағыт отандық кәсіпорындардың Ұлыбритания нарығына өнім жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтіп, жеткізу мерзімін қысқартуға әрі көлік бағыттарын әртараптандыруға жол ашты. Бұған дейін компания қазақстандық өнімді Екібастұз – Майами бағыты бойынша жөнелтуді ұйымдастырған болатын.

Бүгінде ҚТЖ жүктерді АҚШ, Ұлыбритания, Бельгия, Польша, Чехия сияқты бірқатар елдерге жеткізуді қамтамасыз ете отырып, Қазақстанның Еуразиядағы негізгі көлік-логистикалық хаб ретіндегі ұстанымын нығайтып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале