Ақорданың мәліметінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанадағы «Барыс Аренада» өткен «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорт турнирінің ашылу салтанатына қатысты.

Фото: akorda.kz
Ауқымды шараға Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан президенттері құрметті қонақ ретінде келді.
Мемлекет басшысы өз сөзінде турнирдің шынайы және виртуалды әлемді ұштастырып, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықтың «алтын көпіріне» айналатынын атап өтті. Аталған шарада Ресей Президенті Владимир Путиннің бейнеүндеуі көрсетіліп, жарыстың бас директоры Дэн Меркли сөз сөйледі, сондай-ақ көрермендерге арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды.

Астанада 29 шілде мен 9 тамыз аралығында өтетін бұл бәсекеге 34 елден 800-ден астам спортшы қатысуда. Олар фиджитал-спорттың 8 бағыты, соның ішінде футбол, баскетбол, жекпе-жек, шутер, би және Dota 2, MLBB, PUBG сынды дисциплиналар бойынша бақ сынасады.