Диетологтар Эйвери Зенкер мен Йоханна Кац ми саулығына ең пайдалы көкөністерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Эйвери Зенкердің сөзінше, миға ең пайдалы тағамдардың бірі - жапырақты көкөністер. Олардың қатарына қырыққабат, шпинат, руккола және салат жапырақтарының басқа да түрлері кіреді.
Ал Йоханна Кац ми жұмысына брокколидің де пайдасы зор екенін айтты. Оның сөзінше, олардың құрамында қабынумен күресуге және ішек микробиомының тепе-теңдігін сақтауға көмектесетін сульфорафан деп аталатын биологиялық белсенді қосылыс көп.
"Брокколи өскіні - сульфорафанның ең қуатты табиғи көзі. Сондықтан олар піскен брокколиге қарағанда тиімдірек. Дегенмен екеуінің де ағзаға пайдасы бар", - деді Йоханна Кац.