Аудан әкімі Жалпақтал ауылдық округіне жұмыс сапарымен барып тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдау барысында аудан басшысы тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдап, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына қатысты көтерілген мәселелерді жан-жақты қарастырды.
Қабылдауға келген тұрғындар негізінен тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмыспен қамту мәселелерін көтерді. Сонымен қатар, бірқатар азаматтар жеке сауалдарын қойып, заңнама аясында кеңес алды.
Аудан әкімі әрбір өтініш иесінің мәселесіне мұқият назар аударып, қолданыстағы заң талаптарына сәйкес тиісті түсініктемелер берді. Жауапты бөлімдер мен мекеме басшыларына көтерілген мәселелерді зерделеп, заң шеңберінде шешу бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.
Асылбек Нәсіпқалиұлы