31.07.2026, 21:00
Оқылды: 19

Шардарада 31 мыңнан астам тұрғынды сумен қамтитын жаңа су құбыры іске қосылды

ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Түркістан облысына жұмыс сапары барысында Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған «Тама-Тастанбек» топтық су құбырын пайдалануға беру рәсіміне қатысты.

IMG_20260731_195745_227

Фото: KZgovernment

Екі жыл ішінде жүзеге асырылған жобаның ашылуына сондай-ақ су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты.

​Маңызды инфрақұрылымдық нысан Шардара қаласының 31 мыңнан астам тұрғынын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіп, шаһарды Шардара су қоймасына тәуелділіктен толық арылтады.

Жоба аясында ұзындығы 39,3 шақырымды құрайтын екі магистральдық су құбыры тартылып, таза суға арналған төрт резервуар, су тазарту қондырғысы, екі сорғы стансасы салынды.

Сонымен қатар тереңдігі 110 метр болатын 14 ұңғыма бұрғыланып, 133 құдық камерасы орнатылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале