Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, елде заң қабылдайтын, республикалық бюджетті бекітетін және мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын айқындайтын заң шығарушы орган — Құрылтай сайлауына бір айға жетпейтін уақыт қалды.

Бұл бір палаталы органның құрамына партиялық тізім бойынша 145 депутат сайланады. Саяси ұйым жинаған дауыс санына қарай тиісті мандат көлеміне ие болады.
Алдағы саяси науқанға жеті саяси партия қатысады.
Жеребе қорытындысы бойынша сайлау бюллетенінде партиялар мынадай кезектілікпен орналасады: «Әділет», Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан Халық партиясы, «Ауыл», «Ақ жол» және «Respublica» партиясы.