2.08.2026, 9:00
Оқылды: 88

Орталық Азия президенттері Ыстықкөлде әлем чемпионатын ашты

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия елдерінің президенттері су-моторлы спорттан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңінің ашылу салтанатына қатысты.

IMG_20260802_090335_983

Фото: aqorda_resmi

Ел басшылары сайысқа түсетін спортшылармен жүздесіп, оларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне судағы жарыстарға арналған арнайы болид таныстырылды.

Мемлекеттер көшбасшылары бір мезгілде символикалық тетікті басып, «Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.

IMG_20260802_090351_994

Бауырлас елде алғаш рет өтіп жатқан бұл ірі спорттық-мәдени додаға БАӘ, Аустралия, Канада және өзге де мемлекеттердің намысын қорғайтын 8 команда мен 18 спортшы қатысуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале