2.08.2026, 12:00
Оқылды: 61

Қазақстандағы алғашқы Anti Call-орталық іске қосылды

Елорда әкімдігінің ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, Астана қаласының прокуратурасы «Қазақтелеком» АҚ-мен бірлесіп, еліміздегі алғашқы алаяқтық қоңырауларды бұғаттайтын Anti Call-орталықты іске қосты.

34137f973365d88f76b70c7adc30e618_1280x720

Фото: gov.kz

Жобаның басты мақсаты – сырттан немесе ел аумағынан келетін күмәнді қоңырауларды дер кезінде анықтап, интернет-қылмыстардың алдын алу.

Прокуратура өкілі Нұрислам Балтабековтің айтуынша, орталық операторлары алаяқтарды әңгімеге тартып, олардың уақытын алу арқылы әлеуетті құрбандарға хабарласуына кедергі келтіреді. Осы тәсілдің арқасында бірқатар азаматтарды, соның ішінде банк алдында тұрып ірі көлемде несие рәсімгелі жатқандарды қылмыскерлердің арбауынан аман алып қалуға мүмкіндік туған. Қабылданған шаралардың нәтижесінде Астанада интернет-алаяқтық деректері 12 пайызға төмендеген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале