2.08.2026, 14:30
Оқылды: 9

Қазақстанда шетелдіктер мен қандастарға 550 білім гранты берілді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2026-2027 оқу жылына арналған шетел азаматтары мен қандастарға арналған мемлекеттік стипендиялық бағдарламасының конкурстық іріктеуі аяқталып, 550 грант иегерінің негізгі тізімі бекітілді.

1a3c81baf323752a819406f3e49bb97a_1280x720

Фото: gov.kz

Биыл бакалавриатқа – 490, магистратураға – 50, ал докторантураға 10 грант бөлініп отыр.

Байқауға әлемнің 71 елінен 16 098 үміткер қатысты. Ең көп өтінім Палестина, Индонезия, Ресей, Өзбекстан және Ауғанстаннан түссе, алғаш рет АҚШ, Италия, Германия, Корея және Мальдив Республикасының азаматтары грант иегерлері қатарына қосылды. Стипендиаттар еліміздің 27 жетекші жоғары оқу орнында, соның ішінде ЕҰУ, Сәтбаев университеті, Astana IT University және басқа да білім ордаларында оқитын болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале