ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәлімдеуінше, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесі – «Қазтізілімде» жаңа функция іске қосылды.

Фото: pixabay.com
Енді уәкілетті компаниялар тұрғын үй нысандарын салуға үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат алу үшін өтінімді электрондық форматта бере алады.
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – өтінім түскен сәттен бастап 8 жұмыс күні. Қарау нәтижесі бойынша өтініш беруші рұқсатты электрондық түрде алады.
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің басқарма басшысы Біржан Елеусіздің айтуынша, бұл жаңа мүмкіндік рұқсат алу үдерісін мейілінше ыңғайлы әрі тиімді етеді. Бұл уәкілетті компаниялар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жеңілдетіп, қағаз құжат айналымын қысқартады және қызмет көрсетудің ашықтығын қамтамасыз етеді.