Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров ТМД Бас хатшысының Бірінші орынбасары Игорь Петришенкомен кездесті.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров ТМД Бас хатшысының Бірінші орынбасары Игорь Петришенкомен кездесті.

Кездесуде Құрылтай депутаттарының сайлауына ТМД байқаушылар Миссиясының қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Тараптар Миссия жұмысына дайындық, ҚР құзыретті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сондай-ақ сайлау науқаны кезеңінде халықаралық байқаушылардың қызметін қамтамасыз етуге қатысты ұйымдастырушылық және практикалық мәселелерді қарастырды.
Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінің халықаралық байқаушылармен өзара іс-қимыл жөніндегі штабының жұмысын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан тарапы ТМД байқаушылар миссиясына қажетті ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екенін растады.