5.08.2026, 12:30
Оқылды: 18

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде ТМД Бас хатшысының Бірінші орынбасарымен кездесу өтті

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров ТМД Бас хатшысының Бірінші орынбасары Игорь Петришенкомен кездесті.

f8a95e396e1ac587ce2ca3d1c56dde78_1280x720

Кездесуде Құрылтай депутаттарының сайлауына ТМД байқаушылар Миссиясының қызметін ұйымдастыру мәселелері талқыланды.

Тараптар Миссия жұмысына дайындық, ҚР құзыретті мемлекеттік органдарымен өзара іс-қимыл жасау тәртібі, сондай-ақ сайлау науқаны кезеңінде халықаралық байқаушылардың қызметін қамтамасыз етуге қатысты ұйымдастырушылық және практикалық мәселелерді қарастырды.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрлігінің халықаралық байқаушылармен өзара іс-қимыл жөніндегі штабының жұмысын үйлестіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Қазақстан тарапы ТМД байқаушылар миссиясына қажетті ұйымдастырушылық және ақпараттық қолдау көрсетуге дайын екенін растады.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале