Оралдағы «Жайық Арена» спорт кешенінде «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңі аяқталды.

Фото: Ернұр Файзолла
Дүбірлі додада өңірдің 12 ауданы мен Орал қаласынан келген 23 палуан бақ сынасты.
Тартысты өткен финалдық белдесуде Ақжайық ауданының намысын қорғаған Эльнар Жанболатұлы сырымдық Мерей Бердіғалиды жеңіп, «Жайық барысы» атанды. Үшінші орынды Орал қаласының палуаны Нұрымжан Ғаббасов иеленді.

Енді облыстық іріктеудің жеңімпазы Эльнар Жанболатұлы мен күміс жүлдегер Мерей Бердіғали «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz