5.08.2026, 22:30
Оқылды: 45

Эльнар Жанболатұлы «Жайық барысы» атанды

Оралдағы «Жайық Арена» спорт кешенінде «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің облыстық іріктеу кезеңі аяқталды.

IMG-20260805-WA0098

Фото: Ернұр Файзолла

Дүбірлі додада өңірдің 12 ауданы мен Орал қаласынан келген 23 палуан бақ сынасты.

​Тартысты өткен финалдық белдесуде Ақжайық ауданының намысын қорғаған Эльнар Жанболатұлы сырымдық Мерей Бердіғалиды жеңіп, «Жайық барысы» атанды. Үшінші орынды Орал қаласының палуаны Нұрымжан Ғаббасов иеленді.

IMG-20260805-WA0130

Енді облыстық іріктеудің жеңімпазы Эльнар Жанболатұлы мен күміс жүлдегер Мерей Бердіғали «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінде Батыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын болады.

Түгелбай Бисен, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале