6.08.2026, 14:30
Оқылды: 13

XV Халықаралық “舞蹈世界 Удао шыжие” атты би байқауы

Ақтілек Мұхтарқызы Супер Гран-При алды. 120 қатысушыдан ең үлкен 9,86 деген баға алды. Ақтілек Мұхтарқызы Орал қаласы (19 жаста) -  кішкентай кезінен бастап би өнерін серік еткен, отандық хореография саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан жас дарын.

1fa8a254-c8d6-43b5-8dfe-7c7dd7053014

Шығармашылық жолының бастауы: 
7 жасында алғашқы жеке (сольный) концертін сәтті өткізген.
Республикалық «Айгөлек» телебайқауының финалисі.

Білімі:
А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің түлегі.
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ЖЕҢІСТЕРІ:
Лауреат — Халықаралық конкурстар (Мәскеу қ., РФ);
Гран-При иегері — Халықаралық конкурс (Стамбул қ., Түркия, 2024 ж.);
Алтын медаль — Халықаралық фестиваль-конкурс (Үрімжі қ., ҚХР, 2025 ж.);
СУПЕР ГРАН-ПРИ иегері — Халықаралық конкурс (Бейжің қ., ҚХР, 2026 ж.).

Ақтілек Мұхтарқызы өзінің жоғары орындаушылық шеберлігімен ерекшеленіп, халықаралық сахналарда ұлттық және әлемдік би өнерін кеңінен насихаттауға елеулі үлес қосып келеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале