Ақтілек Мұхтарқызы Супер Гран-При алды. 120 қатысушыдан ең үлкен 9,86 деген баға алды. Ақтілек Мұхтарқызы Орал қаласы (19 жаста) - кішкентай кезінен бастап би өнерін серік еткен, отандық хореография саласында өзіндік қолтаңбасын қалыптастырып келе жатқан жас дарын.

Шығармашылық жолының бастауы:
7 жасында алғашқы жеке (сольный) концертін сәтті өткізген.
Республикалық «Айгөлек» телебайқауының финалисі.
Білімі:
А. В. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінің түлегі.
Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ЖЕҢІСТЕРІ:
Лауреат — Халықаралық конкурстар (Мәскеу қ., РФ);
Гран-При иегері — Халықаралық конкурс (Стамбул қ., Түркия, 2024 ж.);
Алтын медаль — Халықаралық фестиваль-конкурс (Үрімжі қ., ҚХР, 2025 ж.);
СУПЕР ГРАН-ПРИ иегері — Халықаралық конкурс (Бейжің қ., ҚХР, 2026 ж.).
Ақтілек Мұхтарқызы өзінің жоғары орындаушылық шеберлігімен ерекшеленіп, халықаралық сахналарда ұлттық және әлемдік би өнерін кеңінен насихаттауға елеулі үлес қосып келеді.