ҚР Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, АҚШ-тың Юджин қаласында басталған 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде сырықпен секіруден Анна Черкашина сынға түсті.

Фото: DRSQazaqstan
Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінде 4,10 метрлік биіктікті бағындырып, елдің жаңа рекордын орнатты әрі әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Жалпы іріктеу қорытындысы бойынша үздік шыққан 13 атлеттің қатарына енген Анна 8 тамыз күні өтетін финалдық сында бақ сынайды.
Айта кетейік, 9 тамызға дейін жалғасатын әлемдік бәсекеде 197 елден 2500-ге жуық спортшы қатысуда, ал Қазақстан құрамасы бұл додаға 11 атлетпен аттанды.