6.08.2026, 21:00
Оқылды: 3

Анна Черкашина U20 әлем чемпионатының финалына шығып, Қазақстан рекордын жаңартты

ҚР Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, АҚШ-тың Юджин қаласында басталған 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатының алғашқы күнінде сырықпен секіруден Анна Черкашина сынға түсті.

photo_5449855531016198076_y

Фото: DRSQazaqstan

Қазақстандық спортшы іріктеу кезеңінде 4,10 метрлік биіктікті бағындырып, елдің жаңа рекордын орнатты әрі әлем чемпионатының финалына жолдама алды. Жалпы іріктеу қорытындысы бойынша үздік шыққан 13 атлеттің қатарына енген Анна 8 тамыз күні өтетін финалдық сында бақ сынайды.

Айта кетейік, 9 тамызға дейін жалғасатын әлемдік бәсекеде 197 елден 2500-ге жуық спортшы қатысуда, ал Қазақстан құрамасы бұл додаға 11 атлетпен аттанды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале