6.08.2026, 20:15
Оқылды: 4

Қазталов ауданында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды

Қазталов ауданындағы Болашақ ауылында «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында жаңа өрт сөндіру бекеті пайдалануға берілді.

image-06-08-26-08-20

Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев, БҚО ТЖД бастығы Жанболат Жаншин, ауыл тұрғындары мен азаматтық қорғау саласының қызметкерлері қатысты.

image-06-08-26-08-20-3

Іс-шара барысында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың негізгі басымдығы екенін атап өтіп, бұл бекет төтенше жағдайларға жедел әрекет ету ісіне тың серпін беретінін жеткізді. Өз кезегінде департамент бастығы Жанболат Жаншин ауылдық жерлерде ерікті өртке қарсы құрылымдарды дамыту азаматтық қорғау жүйесінің маңызды бағыты екенін айрықша атап өтті.

image-06-08-26-08-20-7

Қажетті техникалық құралдармен және арнайы машиналармен толық қамтамасыз етілген жаңа бекет ауыл мен оған іргелес аумақтардағы қауіпсіздік деңгейін едәуір арттырмақ.

image-06-08-26-08-20-6

Жиында сөз алған жергілікті тұрғын Жұма Қабдулғалиев халық атынан ел басшылығы мен жауапты сала өкілдеріне шынайы алғысын білдіріп, нысанның игілікті қызмет атқаратынына сенім білдірді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Қазталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале