Қазақстан футбол федерациясының мәліметінше, ҚФФ Джон ван ’т Шкиппен ұлттық құраманың бас бапкері ретінде жұмыс істеу туралы келісімге келді.

Фото: kff.kz
Маманның тағайындалуы федерация жарғысына сәйкес КФФ Атқарушы комитетімен келісілгеннен кейін ресми түрде рәсімделіп, отырыстан кейін келісімшартқа қол қойылады.
Футболшы ретінде Джон ван ’т Шкип Амстердамның «Аякс» және Италияның «Дженоа» клубтарында өнер көрсетіп, Нидерланд құрамасымен бірге 1988 жылғы Еуропа чемпионы атанды. Бапкерлік жолын «Аякстың» жүйесінде бастап, «Твенте», «Зволле», Мексиканың «Гвадалахара» және Аустралияның «Мельбурн Сити» командаларын жаттықтырды. Сондай-ақ халықаралық деңгейде Грекия мен Армения ұлттық құрамаларының бас бапкері қызметін атқарды.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасының жаңа бапкерлер штабы жасақталды. Бас бапкердің көмекшілері болып Нұрбол Жұмасқалиев пен Елдос Ахметов тағайындалса, қақпашылар бапкері – Юрий Новиков, дене даярлығы бапкері – Вадим Боровский және сарапшы бапкер ретінде Тимур Құсайынов кірді.