ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, Абай күніне орай елімізде және шетелде үш күн ішінде 350-ден астам мәдени, ғылыми-танымдық әрі спорттық іс-шара өтеді.

Фото: madenietaqparat
Ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туғанына 181 жыл толуына арналған ауқымды бағдарлама аясында халықаралық конференциялар, көрмелер, «Abai Joly – 100 miles» ультрамарафоны, «Адамзаттың Абайы» ақындар айтысы және «Алғашқы кітап» деректі фильмінің тұсаукесері ұйымдастырылады.
Сондай-ақ Бейжіңдегі Қазақстанның мәдени орталығында хаким мұрасына арналған дөңгелек үстел өтеді.
Мерекелік шаралар Астана, Алматы, Шымкент және өңірлердегі Абай ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсімімен түйінделеді.