ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, Түркістан облысындағы Отырар қалашығында ғылыми-реставрациялық жұмыстар жалғасуда.

Фото: madenietaqparat
«Қазқайтажаңарту» РМК мамандары көне құрылыс технологияларын қолдана отырып, археологиялық ескерткіштің түпнұсқа келбетін сақтауға басымдық беруде.
Қалашық аумағында тұрғын үйлер қабырғаларының жекелеген бөліктері бекітіліп, зақымданған тұстары жөнделді және ежелгі ошақтың сылақ қабаттары қалпына келтірілді. Сондай-ақ кіреберіс жол ретке келтіріліп, қалашықты айнала қоршаған орды жауын-шашыннан қорғау үшін бетіне сабан араластырылған дәстүрлі арнайы сылақ жағылды. Бұл қоспа қорғаныш қабатын нығайтып, сыртқы әсерден болатын бүлінуді азайтады.