15 мыңнан аса тұрғыны бар Шыңғырлау ауданына бір дәріхана аздық ететіні тұрғындар арасында талайдан айтылып келе жатқан-ды. Тұрғындардың жағдайын ескерген және бүгінгі таңда «А-Pius» дәрхана жүйесімен жұмыстанып жүрген жеке кәсіпкер Ақсәнім Өтебаева жаңа бір нысанды уақытша жалға алып, шыңғырлаулықтарға керегінше дәрі-дәрмек әкеліп, сатылымға шығаруды ұйымдастыруда.
Қол жетімді бағамен дәрі-дәрмегін алушы шыңғырлаулықтар олардың қызметіне ризашылықтарын білдіруде.
Нақтырақ айтсақ, Ақсай қаласының «Утебаева. А» жеке кәсіпкерлігі тұрғындардың дәрі -дәрмекке деген сұранысын қанағаттандыруды міндетіне алған. Бұл дәріхана 2000-ға жуық дәрі-дәрмегін сатылымға ұсынуда. Көпшіліктің сұраныстарын орындауда провизор-фармацевт Әбухан Нұркенов осы салада тек екі жылға жуық жұмыс істесе де өз ісінің қыр - сырын жете меңгеріп, келушілерге тиімді қызмет көрсетуде.
-Тапсырыстарды ала отырып, қызмет көрсету аясын бұдан әрі жетілдіруді де ойластырудамыз,- дейді дәріхана провизоры Әбухан Берікұлы.
Айсұлу Муса
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz