28.03.2017, 12:51
Оқылды: 73

Шыңғырлауда тағы бір дәріхана ашылды

Shingirlau darihana    15 мыңнан аса тұрғыны бар Шыңғырлау ауданына  бір дәріхана аздық ететіні тұрғындар арасында талайдан айтылып келе жатқан-ды.  Тұрғындардың жағдайын ескерген және бүгінгі таңда «А-Pius» дәрхана жүйесімен жұмыстанып жүрген  жеке кәсіпкер Ақсәнім Өтебаева  жаңа бір нысанды уақытша жалға алып, шыңғырлаулықтарға керегінше дәрі-дәрмек әкеліп, сатылымға шығаруды  ұйымдастыруда.


    Қол жетімді бағамен дәрі-дәрмегін алушы шыңғырлаулықтар олардың қызметіне ризашылықтарын білдіруде.

   Нақтырақ айтсақ, Ақсай қаласының «Утебаева. А» жеке кәсіпкерлігі  тұрғындардың дәрі -дәрмекке деген сұранысын қанағаттандыруды міндетіне алған. Бұл дәріхана 2000-ға жуық дәрі-дәрмегін сатылымға ұсынуда. Көпшіліктің сұраныстарын орындауда провизор-фармацевт Әбухан Нұркенов  осы салада тек екі жылға жуық жұмыс істесе де өз ісінің қыр - сырын жете меңгеріп, келушілерге  тиімді  қызмет көрсетуде.

   -Тапсырыстарды ала отырып, қызмет көрсету аясын   бұдан әрі жетілдіруді де ойластырудамыз,- дейді дәріхана провизоры  Әбухан Берікұлы.

  Айсұлу Муса

Шыңғырлау ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале