12.08.2026, 19:00
Оқылды: 5

Тасқалада Деркөл өзені мен Жайықбай каналы тазартылып жатыр

Биыл Тасқала ауданында ауыл ішін бойлай өтетін Деркөл өзені мен Жайықбай каналының арнасын тазарту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды.

image-12-08-26-06-34

Жылдар бойы күтім көрмей, көктемде су тасқыны қаупін тудырған Деркөл өзенінің 2,6 шақырым бөлігін тереңдетіп, шөгінділерден арылту үшін республикалық бюджеттен қаржы бөлініп, арнайы техника мен жергілікті тұрғындарды қосқанда 11 маман тартылған.

image-12-08-26-06-34-3

​Бұдан бөлек, тоғыз техниканың күшімен Жайықбай каналының 15-16 шақырым аумағы тазартылып жатыр. Бұл жұмыстарды 15 қыркүйекке дейін аяқтау және тұрғындар қатынасын жеңілдету үшін канал үстінен өтпелі көпір салу жоспарланған.

Жұмыс барысын аудан әкімі Талғат Шакиров арнайы барып көріп, техниканы тиімді пайдалану мен сапаны бақылауды тапсырды.

Бекжан Өтемісов,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале