Жуырда Подстепный ауылдық округінде ересектер арасында көкпардан ашық турнир өтті.

Аталған спорттық шараның ашылу салтанатында ҚР Гимні орындалып, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова барша турнирге қатысушы шабандоздарды құттықтап, сәттілік тіледі.

Сайысқа Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе және Орал қаласының «Ұлттық спорт» командасы қатысып, бақ сынасты.
Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орын Қаратөбе ауданы (500 000 теңге), 2-орын Шыңғырлау ауданы (300 000 теңге), 3-орынды Теректі ауданы (200 000 теңге) қанжығаларына байлады.
Жарысқа қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғысхат, медаль және ақшалай сыйлықтар табыс етті.
Т. Әнуарұлы
Теректі ауданы