13.08.2026, 16:00
Оқылды: 5

Білектілер байқасты

Жуырда Подстепный ауылдық округінде ересектер арасында көкпардан ашық турнир өтті.

764924847_18229348483316896_3183297550715327479_n

Аталған спорттық шараның ашылу салтанатында  ҚР Гимні орындалып, аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова барша турнирге қатысушы шабандоздарды  құттықтап,  сәттілік тіледі.

766384050_18229348501316896_8117344999008360409_n

Сайысқа Теректі, Шыңғырлау, Қаратөбе және Орал қаласының «Ұлттық спорт» командасы қатысып, бақ сынасты.

Жарыстың қорытындысы бойынша 1-орын Қаратөбе  ауданы (500 000 теңге), 2-орын Шыңғырлау ауданы (300 000 теңге), 3-орынды Теректі ауданы (200 000 теңге) қанжығаларына байлады.

Жарысқа қатысушы жеңімпаздар мен жүлдегерлерге алғысхат, медаль және ақшалай сыйлықтар табыс етті.

Т. Әнуарұлы

Теректі ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале