14.08.2026, 15:30
Оқылды: 9

Instagram желісінде өзгерістер болды

Бұл жаңарту қазір әлеуметтік желінің барлық қолданушыларында пайда болды. Меtа компаниясына тиесілі Instagram қосымшасының жоғарғы бөлігіндегі Instagram шрифті жаңартылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Portland, OR, USA - Nov 11, 2024: Some of the most popular social media apps by number of monthly active users, including Facebook, YouTube, Instagram, WhatsApp, TikTok, WeChat, Telegram, Messenger, and Snapchat, are seen on an iPhone.

Сурет: istockphoto.com

Кеше Instagram-ның қазіргі басшысы Адам Моссери өзінің парақшасында желінің логотипінің өзгеретіні жайлы жазба бөлісті.

Қосымшаның жоғарғы жағындағы логотип-жазудың өзгермегеніне 10 жыл болды, сондықтан оны жаңартатын уақыт келді. Ол түпнұсқаның бірегейлігін, қарапайымдылығы мен ерекше стилін сақтай отырып, заманауи әрі жеңіл түрде қайта әрленді, – деп  жазды ол.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале