14.08.2026, 16:45
Оқылды: 64

«Мерейлі отбасы» өз мәресіне жетті

14  тамыз күні Достық үйінде ұлттық тәрбиенің алтын арқауын айшықтайтын «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңі жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Аталмыш байқау 2013 жылдан бастап  ұйымдастырылып келеді. 

3ddde80f-8701-431e-8f59-407e63a18bc8
«Мерейлі отбасы» байқауы – тек үздік отбасыларды анықтайтын жоба ғана емес, ол – ұлттық құндылықтарды ұлықтайтын, ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, қоғамдағы бірлік пен ынтымақты нығайтатын тағылымды бастама.

– Мемлекетіміздің бас заңы Конституцияның 30-бабында мемлекетіміздің ең басты байлығы отбасы екені нақты бекітілген. Заң бойынша неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің ерекше қорғауында болады. Біз бұл заңдық талапты әділетті Қазақстанның әрбір азаматының құқығы мен әл-ауқатын қорғаудың алтын діңгегі деп білеміз.

5d0bfb31-30e5-4d83-b184-a1adced1d43f
Бүгінгі марапат иелері – сол Ата заңымыздың талаптарын өмірлік ұстанымына айналдырған жандар. Конституцияда ата-ананың баласына қамқорлық жасауы, сондай-ақ ер жеткен балалардың еңбекке жарамсыз ата-анасына қарайласуы міндеттелген. Сіздер – осы перзенттік парыз бен ата-аналық жауапкершіліктің озық үлгісін көрсетіп, қоғамға жол сілтеп жүрген алтын көпірсіздер,
– деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлжанар Шөкеева.

b3c79219-af54-48ed-8540-e219fe88ff0e
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде оралдық Ибрашевтар отбасы ІІІ орын иегері атанса, ІІ орынды бәйтеректік Сарымсақовтар отбасы иеленді.  Ал І орынды Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алған қаратөбелік Қайрекеновтар отбасы жеңіп алды. Кеш қорыт
ындысында жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

50295ee2-39fe-415f-80b4-d5abe6b71051


Гүлфия ҚОЛҒАНАТОВА,

«Орал өңірі»

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале