16.08.2026, 16:30
Оқылды: 6

Қазақстанда мәдениет және өнер қайраткерлері үшін жаңа марапаттар тағайындалады

«ҚазАқпарат» хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.

IMG_20260816_140508_346

Фото: QazAqparat_kz

Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.

​Аталған марапаттар ұлттық мәдениетті, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға үлес қосқан азаматтарға беріледі.

Сонымен қатар жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале