«ҚазАқпарат» хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар тізіміне «Шәмші Қалдаяқов» медалі мен «Қазақстанның еңбек сіңірген суретшісі» құрметті атағын енгізу туралы шешім қабылдады.

Фото: QazAqparat_kz
Бұл туралы Президенттің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров айтты.
Аталған марапаттар ұлттық мәдениетті, соның ішінде музыка және бейнелеу өнерін дамытуға үлес қосқан азаматтарға беріледі.
Сонымен қатар жаңа Ата заңда төл мәдениетімізді жан-жақты қолдау мемлекеттің конституциялық міндеті ретінде бекітілген.