17.08.2026, 9:30
Оқылды: 8

Ағзаны күзге қалай дайындау керек? Мамандар пайдалы тағамдарды атады

Күз мезгіліне ағзаны алдын ала дайындап, күнделікті ас мәзіріне өзгеріс енгізген жөн, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

IMG_1515
Сурет: ашық дереккөзінен
Мамандар ең алдымен маусым көкөністеріне - асқабақ пен сәбізге көңіл бөлуге кеңес берді. Олардың құрамында иммунитетті нығайтуға және ас қорыту жүйесінің дұрыс жұмыс істеуіне қажет А дәрумені мен жасұнық мол.

 Сондай-ақ, майлы балықты жиі тұтынған пайдалы. Ол D дәрумені мен омега-3 май қышқылдарына бай. Ал жұмыртқа D дәруменінің тапшылығын толықтыруға және ағзаның қуатын сақтауға көмектеседі.
“Селен қорын толықтыру үшін құс еті мен теңіз өнімдерін жеуге болады. Ал мырыш сиыр етінде, бұршақ тұқымдастарда және жаңғақта көп кездеседі", - деді мамандар.

Бұдан бөлек, құрамында дәрумендер, минералдар, жасұнық пен пробиотиктер мол функционалды тағамдарға да назар аудару ұсынылды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале