17.08.2026, 15:30
Оқылды: 9

Оралда Ұлттық ұлан сарбаздары жоғалған iPhone 16 телефонын иесіне қайтарды

Орал қаласында Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қоғамдық тәртіпті күзету кезінде жоғалған iPhone 16 смартфонын тауып, иесіне қайтарды.

9ec62772-01c1-4d4e-9a3a-a47dd53f6f9f

Оқиға кешкі уақытта Т. Масин көшесінде болған. Қоғамдық тәртіпті күзету бойынша қызмет атқарып жүрген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің әскери жасағы аллея маңындағы жол жиегінде жатқан ұялы телефонды байқайды.

Әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Бауыржан Генжебаев табылған смартфонды алады. Арада көп уақыт өтпей телефонға қоңырау түседі. Әскери қызметшілер смартфонның табылғанын айтып, оны заңды иесіне қайтару үшін кездесетін орынды келіседі.

568a1b6c-a688-4f68-aaa4-47465d63c3ef

Телефон иесі iPhone 16 смартфонының жоғалғанын білген соң, танысының телефонынан өз нөміріне бірнеше рет қоңырау шалған. Алайда ұзақ уақыт бойы қоңырауына ешкім жауап бермеген. Шамамен бір жарым сағаттан кейін ғана оның қоңырауына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жауап беріп, телефонның табылғанын хабарлаған.

– Телефонымды қалада жоғалтып алып, нақты қай жерде түсіп қалғанын білмедім. Танысымның телефонынан өз нөміріме қайта-қайта қоңырау шалдым. Біраз уақыттан кейін қоңырауыма Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жауап беріп, телефонның өздерінде екенін айтып, маған қайтарып берді. Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы мен жедел әрекеті үшін шын жүректен алғысымды білдіремін, – деді телефон иесі.

Осылайша Ұлттық ұлан сарбаздарының қырағылығы мен адалдығы жоғалған смартфонның заңды иесіне қайта оралуына мүмкіндік берді.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік
қолбасшылығының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале