Заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект педагогтер жиынындағы басты тақырыптардың біріне айналды.

Батыс Қазақстан облысында 14 тамызда «Сапалы білім, берік құндылық, табысты тұлға: жаңа оқу жылындағы міндеттер» тақырыбында педагогтердің облыстық Тамыз конференциясы өтті. Орал қаласы мен облыстың тоғыз ауданындағы секциялық алаңдарда 2 мыңға жуық мұғалім білім сапасын арттыру, заманауи педагогикалық әдістемелер, оқыту процесіне цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелерін талқылады.
Конференцияда білім беру саласына арналған заманауи құралдарға ерекше назар аударылды, мұғалімдер олармен арнайы IT көрмеде таныса алды. Мектептерге, педагогтерге, оқушыларға және мектепке дейінгі білім беруге арналған цифрлық сервистерді біріктіретін еліміздің жетекші EdTech-экожүйесі Bilim Group те өзінің оннан аса жаңа шешімін таныстырды.

Білім беру қызметкерлеріне арналған жаңа мүмкіндіктердің қатарында — BilimClass тегін электрондық журналы ұсынған сабақ кестесін құрастырушы құрал, мұғалімдерге арналған мобайл қосымша мен ЖИ негізіндегі білім сапасын талдайтын құрал да бар.
Сабақ кестесінің конструкторы мұғалімдердің жүктемесін, кабинеттерді және басқа да параметрлерді ескере отырып, сабақ кестесін санаулы минут ішінде автоматты түрде құрастырады. Мобайл қосымшаcы арқылы мұғалімдерге сабақ кестесі, сабаққа қатысу, үй тапсырмасы сияқты оқу процесіне қажетті өзге де пайдалы модульдер қолжетімді. Ал білім сапасының аналитикасының құралы ЖИ арқылы көрсеткіштерді автоматты түрде талдап, мәселелерді анықтайды және оларды жақсарту бойынша ұсыныстар дайындайды.

«Заманауи мектептерге тек цифрлық құралдар емес, нақты міндеттерді шешетін жүйелі шешімдер қажет. Біздің өнімдер мұғалімдерді есеп беру мен жоспар құру сияқты күнделікті жұмыстан босатып, басты назарды балаларға сапалы білім мен жақсы тәрбие беруге аударуға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Bilim Group бас директоры Александр Савченко.
Bilim Group экожүйесінің басқа да өнімдерінде жаңа мүмкіндіктер пайда болды. OnlineMektep қашықтан оқыту платформасында ЖИ көмегімен есептерді автоматты түрде қалыптастыру және оқу материалдарын әзірлеу құралдары қолжетімді болады. Ал мұғалімдердің біліктілігін арттыруға арналған BilimUstaz сервисінде жеке білім беру бағдары мен жаңа пәндік курстар іске қосылған.
BilimCenter функционалдық сауатты дамыту платформасы ЖИ әдіскерді, оқушылардың қатемен жеке жұмыс істеуіне арналған видеоұсыныстарды және толық жауапты талап ететін тапсырмаларды автоматты түрде бағалау жүйесін ұсынды. Мектеп оқушыларында да жеке цифрлық тәлімгер пайда болды: OnlineMektep-те ол балаларға тақырыпты өздігінен меңгеруге көмектеседі — жетелеуші сұрақтар қойып, тапсырманың шешіміне қадам-қадаммен бағыттап отырады.
Мектептер мен педагогтерге арналған сервистерден бөлек, Bilim Group Тамыз конференциясында KITAP цифрлық кітапханасының, BilimKids және Balabaqsha мектепке дейінгі білім беру платформаларының жаңартуларын, сондай-ақ білімнің қолжетімділігін арттыруға, оқыту процесін даралауға және ЖИ мүмкіндіктерін толық пайдалануға бағытталған басқа да әзірлемелерді таныстырды.
Анықтама үшін: Bilim Group — 15 жылдан аса мектепке дейінгі жастан бастап кәсіби дамуға дейінгі оқу жолын сүйемелдейтін кешенді шешімдерді жасап келе жатқан ұлттық цифрлық білім беру экожүйесі. Осылайша Bilim Group мемлекетке және мектептерге Қазақстанның барлық өңірінде қолжетімді әрі тұрақты білім беруді қамтамасыз етуге көмектеседі. Бүгінде экожүйе шешімдерін 5 миллионнан астам адам, 350 мыңнан астам педагог және 6 мыңнан астам мектеп пайдаланады.
BilimGroup баспасөз қызметі