19.08.2026, 0:00
Оқылды: 4

Шыңғырлау ауданында мал жаю ережелері түсіндірілді

Шыңғырлау ауданында Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында ауыл шаруашылығы жануарларын жайылымдарда жаюға қатысты міндеттер мен жауапкершіліктерді түсіндіруге арналған маңызды шара өтті.

 image-18-08-26-07-35 (4)

Іс-шараға аудан прокурорының орынбасары, полиция бөлімінің қызметкерлері, шаруа қожалықтарының басшылары және ветеринария саласының мамандары қатысты. Жиында мал иелерінің жауапкершілігі, жануарларды жаю тәртібі, ветеринариялық талаптарды сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері кеңінен талқыланды.

image-18-08-26-07-35

image-18-08-26-07-35 (3)

Жиынды жүргізген аудандық ветеринариялық станса директоры Досханат Ерболұлы малды белгіленген тәртіппен жаю ветеринариялық талаптарды орындау ғана емес, сонымен бірге жол қауіпсіздігі мен тұрғындардың тыныштығына тікелей әсер ететінін атап өтті. Өз кезегінде аудан прокурорының орынбасары Айболат Ерболұлы заң талаптарының баршаға ортақ екенін айтып, мал иелерінің мүлкіне жауапкершілікпен қарауы қажеттігіне тоқталды. Ал Шыңғырлау ауданы полиция бөлімінің қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Николай Губенко қараусыз жүрген малдың жол-көлік оқиғаларына себеп болатынын ескертті.

image-18-08-26-07-35 (2)

Кездесу соңында қатысушылар сала мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Сара Шакрат,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале