20.08.2026, 15:30
Оқылды: 9

«Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым ө/п)» автожолындағы көпірде қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі

Батыс Қазақстан облысында халықаралық маңызы бар KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы (Сырым ө/п) автомобиль жолының 247-шақырымындағы Шаған өзені арқылы өтетін көпірде жөндеу жұмыстары жүргізіледі - деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

04b4014d-969f-47b3-8447-85854dd5a038

Сурет: видео сриннан алынған

Осыған байланысты 2026 жылғы 22 тамыз күні сағат 05:00-ден 12:00-ге дейін аталған учаскеде барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс уақытша шектеледі.

Жүргізушілерден уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарап, жол жүру бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале