20.08.2026, 15:45
Оқылды: 12

Ағымдағы мәселелер пысықталды

Тамыздың 20-сында аудан әкімі Нұрлыбек Даумовтың төрағалығымен  аппараттық кеңес өтті. Кеңес күн тәртібінде бірнеше түйткілді мәселе қаралды.

IMG-20260820-WA0082

Кеңес отырысы кадрлық ауыс-түйіс туралы хабарламамен басталды. Аудан басшысы Сайқын ауылдық округінің әкімі қызметінен босатылған Шыңғыс Абдоллинге ризашылығын білдіріп, алғысхат табыс етсе,  аудан әкімдігі аппаратының жалпы конкурс қорытындысына сәйкес  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы қызметіне тағайындалған Асылан  Бижановтың жаңа қызметіне   табыс тілеп, жауапты жұмысты абыроймен атқаруына тілектестігін білдірді.

Ендеше, әріптестерімізге жаңа бастамаларында табыс тілеп, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.

Күн тәртібінде мәселе бойынша алғаш боп ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сүйінбек Хайруллин сөз алды.
- Күні бүгін  аудан бойынша  306 шаруа қожалық шөп шабуда. Науқан алды жоспар бойынша  286 қожалық шабындыққа түседі деп жоспарланған еді. Аудан бойынша 469,0 мың гектар жер шабылып, өнімділігі орташа 4 ц/га, 187,6 мың  тонна өнім алынды.

Жоспар 85,3% орындалды, былтырғы қалған 14,0 мың тонна шөппен есептегенде, 201,6 мың тонна мал азығы дайындалды.  Ауа-райы  мүмкіндік берсе, шөпті шаба беруге алда  үш айдай уақытымыз бар. Межелі жоспар орындалады деген ойдамыз.
20 елді мекенінде 1373 аула мал ұстайды. Жеке қосалқы шаруашылықтарды шөппен қамту мақсатында 43 шаруа қожалығы ауылдарға шөп сатуда, бағасы 7-10 мың теңге аралығында.  Ауылдық округі әкімдіктерінің есебін негізге алсақ, 1373 ауланың 943-і аула шөппен қамтылып отыр.
IMG-20260820-WA0084

Екпе шөп еккен алты  шаруа қожалығы 1577 гектар жерге егілген мал азықтық дақылдарын алуда. 1450 га мал азықтық егістен 4080 тонна өнім алынды, - деді баяндамашы Сүйінбек Жексенбайұлы.

Хабарлама соңында сөз алған аудан әкімі:

- Өткен екі жылда қуаңшылық болып, шаруаларымыздың қиын жағдайға тап болғаны бар. Биыл шөп шығымы жақсы, осы мүмкіндікті пайдаланып, мал азығының қорын еселеп алуымыз керек. Келер жылдың қандай болмағын кім білген, қам қылғанымыз дұрыс. Жауын-шашынды жаздың игілігін өрт қашыратыны да рас. Көз қуантып тұрған егістікті өрт шарпымауы керек. Сондықтан сақтық шараларын да қатаң сақтауымыз қажет, - деп, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

IMG-20260820-WA0086

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімі басшысы Мақсот  Құрамшин   аудан бойынша әскери міндеттілерді әскери жиындарға шақыруды ұйымдастыру және күзгі әскери шақыру туралы сөз алды.

- ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №1198 қаулысын басшылыққа ала отырып, №99250 әскери бөліміне әскери жиындарға әскери міндеттілерді сапалы даярлау және шақыртуды өткізу үшін ұйымдастырылды. Дәл бүгінгі есеп бойынша  ауданда 2500 әскерге міндетті әскери есепте тұр.  Оның 1940-ы әскери оқу жиынға шақырылуға жатпаса, 560-ы әскери оқу жиынға шақырылатындар санатынан. Бізге берілген жоспар бойынша 50 азаматты әскери оқу жиынға жіберуіміз керек еді. Бірақ сол елуді толтыра алмай отырмыз, - деді баяндамашы Мақсот Сүндетұлы.

Сүндетұлы көтерген мәселе тек мұнымен шектелмейді. Оның айтуынша, аудандық ауруханадағы маман тапшылығы да әскерге шақырылу науқанына кері әсерін тигізуде.

- Ағымдағы жылдың күзгі аудандық медициналық комиссиясының   өткізілмеу қаупі бар.  24-28 тамыз аралығында алдын ала медициналық комиссия өткізілуі тиісті. Қазіргі таңда аурухана басшысының орны бос тұр, медициналық комиссияның басшысы декреттік демалысқа кетті,  невропатолог дәрігерінің оқуға кетпекші, окулист,  дерматолог дәрігерлер мүлдем жоқтығына байланысты  күзгі мерзімді әскерге шақыру науқанын жалпы өткізуге киындық тигізеді.

IMG-20260820-WA0097

Осы мәселе бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасына да шыққан екен. Шешімін таппапты. Ендігі амал - көршілес ауданнан маман шақыру.

- Маман тапшылығын шешуге қауқарсызбыз. Дегенмен, көршілес аудандағы офтальмолог, дерматолог сияқты мамандарды науқан кезінде іссапармен жіберсе деген ұсынысымызды айттық. Нәтижесін уақыт көрсетеді. Дәл қазіргі таңда әскерге шақырылушыларды медициналық тексерістен өткізу комиссиясының құрамында терапевт те, комиссия төрағасы да болмай отыр, - дейді ол өз сөзінде.
Жастарымыздың әскерге барудан жалтаруы, ауылдық округтерде тіркелсе де, қалада оқуда, қызметте жүру себебінен жоспарланған межеге жетудің қиындығы да айтылды.

- Мұндай жағдайда біз қолдана алатын бір шара - айыппұл салу. Дегенмен, қазір ата-аналарымыз осы айыппұлға да үйреніп алған. Тиісті айыппұлын төлеп, келесі науқанға дейін тыныштықтарын бұзбаса деп отыра береді.
Баяндамашы ұсынған слайдқа көз салсақ, биылғы тамызда көктемгі шақыру науқанында 407 әскерге шақырылушы әскери есепке тұрды. Оның  132-сі мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататындар санатынан.  Ауданға 30 жасты әскерге жіберу жүктелген.
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Исатай  Құрмашев құрылтай сайлауына дауыс беру күніне арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Нұрлыбек Даумов сала басшыларына хаттамалық тапсырма жүктеп, нәтижеге жұмыс жасауға шақырды.

Ұлпан ӘНУАРҚЫЗЫ,

Бөкей орда ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале