
Сурет: kaz.tengrisport.kz
60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Ғабит Расулхан ақтық белдесуде канадалық Роман Семирозумды жеңіп, кадеттер арасындағы әлем чемпионатының алтын медалін иеленді.
Эквадордың Гуаякиль қаласында өтіп жатқан кадеттер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошы Ғабит Расулхан жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Tengri Sport.
