22.08.2026, 10:30
Оқылды: 156

Оралдық Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында дзюдодан тұңғыш әлем чемпионы атанды

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, 20-23 тамыз аралығында Эквадордың Гуаякиль қаласында өткен кадеттер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында оралдық жас дзюдошы Фатима Сұпығалиева тарихи жетістікке қол жеткізді.

InShot_20260822_094644282

Фото: БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы

​52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Фатима Сұпығалиева 1/32 финалда Люксембург өкілі Соукайна Морейраны, 1/16 финалда Мексика спортшысы Констанса Акоста Клаудионы, ширек финалда Аустралия өкілі Рика Хиросені және жартылай финалда Израиль спортшысы Яли Яхавты сенімді түрде жеңіп, финалға шықты.

​Шешуші бәсекеде Фатима Украина өкілі Ксения Кирильчукпен кездесті. Негізгі уақыт тең аяқталып, голден скор кезеңінде оралдық спортшы тиімді әдіс жасап, қарсыласын иппонмен жеңді.

Осылайша, Фатима Сұпығалиева кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионы атанып, Қазақстанның қыздар дзюдосы тарихында әлем чемпионатында алтын медаль иеленген тұңғыш спортшы атанды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале