Шыңғырлау ауданының орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, жергілікті тұрғындарға табиғи әрі сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік жасалды.

Жәрмеңкеге ауданның жеке кәсіпкерлері мен тұрғындары қатысып, бау-бақша өнімдері, балық, сүт және өзге де тауарларын халыққа ұсынды. Мұндай сауда алаңы кәсіпкерлердің өнімін өткізуге жағдай жасап, тұрғындарды сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге оң ықпалын тигізеді.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Елдос Оразғалиев бұл шараның негізгі мақсаты жергілікті өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс орнату екенін жеткізді. Оның айтуынша, ауданда мал, егін және бау-бақша шаруашылығымен айналысатын азаматтар жетерлік, ал осындай жәрмеңкелер олардың маңдай тер, еңбек нәтижесін халыққа ұсынуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ бөлім басшысы мұндай ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатынын атап өтті.
Сара Әділ,
Шыңғырлау ауданы