Биолог Дмитрий Сафонов үйдегі ең лас затты екенін айтты. Оның айтуынша, бактерия ең көп жиналатын "мекен" - асүйдегі ыдыс жуатын ысқыш, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: ашық дереккөзінен
"Асүй ысқыштары - кір мен бактерияны ең көп жинайтын заттардың бірі. Оларды әр бір-екі апта сайын ауыстырып тұрған дұрыс. Ал күнделікті қолдансаңыз, тіпті аптасына бір рет ауыстырған жөн. Үйдегі ең лас зат осы деуге болады", - деді Сафонов.
Маман ондағы бактерияларды жай ғана ыдыс жуатын сұйықтықпен толық жою мүмкін емес екенін атап өтті. Себебі микробтар оның сыртында ғана емес, кеуектерінің ішінде де көбейеді.