25.08.2026, 0:00
Оқылды: 2

Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлем рекорды жаңарды

Қазақстан Ұлттық Банкі 2026 жылдың I жартыжылдығы бойынша қолма-қол ақшасыз төлемдердің қорытындысын жариялады.

телефон2

Фото: zhaikpress.kz

​Берілген мәліметтерге сәйкес, елімізде жарты жыл ішінде жалпы көлемі 92,1 триллион теңгені құрайтын 7,1 миллиард қолма-қол ақшасыз операция жасалған. Нәтижесінде, күн сайын орта есеппен 509 миллиард теңгеге 39 миллионнан астам транзакция жүргізілді.

​Қолма-қол ақшасыз операциялардың басым бөлігі, яғни жалпы көлемнің 90%-ы интернет, банктердің мобильді қосымшалары мен QR-код арқылы жүзеге асырылды. Бұл ретте QR-код арқылы жасалған төлемдер саны POS-терминалдарда жүргізілген операциялардан 38%-ға асып түсті.

​Сонымен қатар телефон нөмірі мен QR-код арқылы төлем жасаудың жаңа қызметі іске қосылғаннан кейінгі алғашқы айда жүйе арқылы жалпы сомасы 210 миллиард теңгеге 8 миллионнан астам операция орындалған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале