25.08.2026, 15:30
Оқылды: 13

Отанды қорғау - ортақ парыз

 ҚР Президентінің «Арнайы жиынға әскери міндеттілерді шақыру туралы» 2020 жылғы 4 ақпандағы №296 Жарлығына және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі №5 қаулысына сәйкес, бүгін жоспарлы арнайы әскери жиын өтті.
IMG_7708
Маңызды іс-шара Теректі ауданының Подстепное ауылында орналасқан 99250 әскери бөлімінің базасында, Аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесінде ұйымдастырылуда. Ел шетіне қорған болар азаматтарды даярлау мақсатында Жаңақала ауданынан 104 әскери міндетті азамат сапқа тұрып, Отан алдындағы міндетін өтеуге аттанды.
Бұл жолғы арнайы жиынға азаматтарды іріктеу барысында олардың әскери-есептік мамандықтарына, тұрғылықты жеріне, жүктелген міндеттерді орындау мүмкіндігіне және жас ерекшеліктеріне баса мән берілді. Сонымен қатар өз еркімен қатысуға тілек білдірген еріктілерге басымдық берілгенін де айта кеткен жөн.
Оқу-жаттығу жиыны барысында жауынгерлік дайындық пен біліктілікті арттыруға ерекше көңіл бөлінеді. Жиын қорытындысы бойынша оқу бағдарламасын табысты аяқтап, үздік нәтиже көрсеткен әскери міндеттілерге әскери бөлім командирлерінің бұйрығымен кезекті әскери атақтар берілетін болады.
IMG_7699
Ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуде аумақтық қорғаныс бөлімшелерінің дайындығы – әрдайым басты назарда. Аудан азаматтарының бұл жиынға белсене қатысуы – патриоттық рух пен жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Аянат Садық,
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале