25.08.2026, 16:00
Оқылды: 16

«Таза Қазақстан»: Жастар үгіт материалдарын жинап, қала тазалығына үлес қосты

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «Әділет» партиясы облыстық филиалының Жастар штабы сайлау науқаны барысында орналастырылған үгіт-насихат материалдарын жинау бойынша тазалық жұмыстарын жүргізді.

WhatsApp Image 2026-08-25 at 15.59.14

Белсенді жастар қала көшелерін аралап, қоғамдық орындардағы, қоршаулар мен арнайы рұқсат етілген орындарға орналастырылған плакаттар мен басқа да ақпараттық материалдарды жинап, жабыстырылған орындарын тазалады. Жиналған материалдар қоқысқа айналмай, белгіленген тәртіппен шығарылды.

WhatsApp Image 2026-08-25 at 15.59.15

Жастар штабының мүшелері үшін бұл жұмыс сайлау науқанының аяқталуымен бірге қоршаған ортаға деген жауапкершілікті де ұмытпау маңызды екенін көрсетті.

WhatsApp Image 2026-08-25 at 15.59.15 (1)

«Таза Қазақстан» – тек тазалық акциясы емес, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды және қоғамдық жауапкершілікті қалыптастыратын маңызды бастама”, - деді облыстық “Жастар рухы” жастар қанатының өңірлік филиалының төрағасы Ерлік Шамғали.

WhatsApp Image 2026-08-25 at 15.59.15 (2)

«Әділет» партиясы облыстық филиалының Жастар штабы алдағы уақытта да өңіріміздің тазалығы мен көркеюіне бағытталған қоғамдық бастамаларға белсенді қатыса бермек.

«Әділет» партиясы 

WhatsApp Image 2026-08-25 at 15.59.16 WhatsApp Image 2026-08-25 at 15.59.16 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале