31.03.2017, 19:40
Оқылды: 54

«Жайық-Орал» қоғамдық бірлестігін құру жөнінде ұсыныс жасады

Жайық өзені бойынша экпедиция  жетекшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенко Жайық өзені бассейнінің экожүйесін сақтау саласындағы трансшекаралық ынтымақтастық келешегіне арналған кеңейтілген отырыста «Жайық-Орал» қоғамдық бірлестігін құру жөнінде ұсыныс жасады.

Сонымен қатар осы жиында сөйлеген РФ Мемлекеттік Думасының депутаты, ТМД Істері еуразиялық интеграция және отандастармен байланыс комитетінің мүшесі Юрий Мищеряков Жайық өзенінің экологиялық жағдайын қалпына келтіру үшін кешенді жұмыстарды үзіліссіз ұйымдастырып, муниципалдық округтар белсенділігін арттыру керектігін айтты. Оның пікірінше, Жайық өзенінің экожүйесіне ғалымдардың назарын аударып, бірыңғай ақпараттық орталық құру керек. Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың пікірінше, жоғарыда аталған келісім негізінде Жайық өзенін қорғау жөнінде арнайы қордың қажет.

Жиынды қорытындылаған облыс әкімі Алтай Көлгінов кеңес отырысында айтылған ұсыныс-пікірлерді қолдайтынын жеткізді.

Айша ӨТЕБӘЛІ,

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале