Менингит - дер кезінде медициналық көмекті қажет ететін қауіпті ауру. Алматы қаласындағы №14 қалалық емхананың ЖТД бөлімінің меңгерушісі Жансая Жаңабаева оның алғашқы белгілерін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сурет: istockphoto.com
Бастапқыда менингитті ЖРВИ-мен шатастыруға болады. Алайда қатты бас ауруы, жоғары дене қызуы, қайта-қайта құсу, әлсіздік, мойын ауыруы, жарық пен дыбысқа сезімталдық секілді белгілер алаңдатуға тиіс.
Дәрігердің айтуынша, менингит тез өршуі мүмкін, сондықтан күдікті белгілер пайда болған жағдайда күтпей, өздігінен емделмей, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.
Алдын алу үшін жеке бас гигиенасын сақтау, бөлмені жиі желдету және науқас адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болған жөн.