1.04.2017, 19:18
Оқылды: 47

Полицейлермен әзілдемек болған әйел алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

telefon123  Орал қаласында 1 сәуір - Күлкі күніне орай полицейлермен әзілдемек болған әйел алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


  Бүгін сағат 09.01 шамасында 1987 жылғы азаматша "102" нөміріне қоңырау шалған. БҚО жедел штабынан түскен мәліметке қарағанда, ол өз күйеуінің пойызда  кепіл ретінде ұсталып отырғанын хабарлаған.

  Ал біраз уақыттан кейін мұның бәрі қалжың екендігін айтқан.

  Құқық қорғау органдары А. есімді азаматшамен қалжыңдасуды жөн көрмей, оның үстінен ҚР ҚК 273-бабына сәйкес (лаңкестік актісі жөнінде көрінеу  жалған хабарлау) қылмыстық іс қозғады. Бұл бап бойынша алты жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

   Аталған дерек бойынша тергеу амалдары басталып кетті.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале