Бөкей ордасы аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

Кәсіпкерлер мен түрлі мекеме басшылары бас қосқан бұл шарада үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің ЖШС, ЖК),сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің жұмыс берушілеріне субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру кезінде сараланған тәсілдерді ендіру мәселелері талқыланды.

Шара барысында жеке субъектілер жетекшілерінен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы сұрақтар қойылып, мансап орталығы мамандары тарапынан ұтымды жауаптар берілді.

Еңбек қатынасын реттеуге бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады дейді мансап орталығының мамандары.
Анар Артықбай,
Бөкей ордасы ауданы