26.08.2026, 17:30
Оқылды: 5

Бөкей ордасы ауданында субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Бөкей ордасы аудандық мансап орталығының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өтті.

IMG-20260826-WA0033

Кәсіпкерлер мен түрлі мекеме басшылары бас қосқан бұл шарада үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіпкерлік субъектілерінің ЖШС, ЖК),сонымен қатар мемлекеттік мекемелердің жұмыс берушілеріне субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру кезінде сараланған тәсілдерді ендіру мәселелері талқыланды.

IMG-20260826-WA0041

Шара барысында жеке субъектілер жетекшілерінен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыру және субсидияланатын жұмысқа орналасқан адамдардың жалақысын субсидиялау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы сұрақтар қойылып, мансап орталығы мамандары тарапынан ұтымды жауаптар берілді.

IMG-20260826-WA0040

Еңбек қатынасын реттеуге бағытталған  мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады дейді мансап орталығының мамандары.

Анар Артықбай,

Бөкей ордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале