«Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттау мақсатында Қоғамдық даму және мемлекеттік қызметтер агенттігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында «Адал қызмет» атты интеллектуалды ойын өтті.


Зияткерлік сайыс барысында қатысушылар заңнама, мемлекеттік қызмет, құқықтық сауаттылық және ел тарихына қатысты сұрақтарға жауап беріп, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынады.

Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру, адалдық қағидаттарын дәріптеу және қоғам алдындағы жауапкершілікті нығайту.

Адал қызмет – елге қызмет етудің басты қағидасы!
Ақерке Камешова
zhaikpress.kz
